#Адал_азамат
24.09.2025ж мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы үздіксіз білім беру жүйесін құру бойынша өңірлік сабақтастық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес, білім беру округтері шеңберінде мектептерге балабақшалар беру арқылы Горький орта мектебінде Бірыңғай ашық есік күні өткізілді. «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы: негізгі даму векторлары». Шара балабақша мен мектеп арасындағы оқу-тәрбие үрдісіндегі сабақтастық мәселелерін талқылау және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.