#Aдал-азамат
#Поздравь_учителя
Мектеп оқушыларынан ұстаздарға құттықтау.
Қымбатты ұстаздар!
Сіздерге деген алғысымыз шексіз. Өйткені болашаққа бастар сара жолымызды біліммен нұрландырып, адамгершілікке баулитын да – сіздерсіздер. Ұстаз деген ұлы есімге лайық болып, шәкірт жүрегіне мәңгілік із қалдырасыздар.
Келе жатқан Ұстаздар мерекесі құтты болсын! Еңбектеріңіз жана берсін, әр шәкірттеріңіз сіздер үшін қуаныш пен мақтаныш сыйласын.