#Адал_азамат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің хатына сәйкес 2025 жылғы 9 қыркүйекте «Горький орта мектебі» КММ-нде таңертеңгі дене жаттығулары өткізілді.
Іс-шара оқушылардың белсенді қатысуымен ұйымдастырылып, оқушылардың салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға, денсаулықты нығайтуға және дене белсенділігін арттыруға ықпал етті.
Таңертеңгілік гимнастиканы өткізу төзімділікті, күш-жігерді дамытуға және балаларды тұрақты спортпен шұғылдануға бағытталған тәрбие жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.