2025 жылдың 19-21 қарашасында әлеуметтік педагог Вольф Е. А. бастауыш сынып оқушыларымен Дүниежүзілік бала құқықтары күніне арналған іс-шаралар өткізді. Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияда бекітілген балалардың құқықтары мен міндеттерін талқылаған сынып сағаты; «құқықтар кубигі» ойын-викторинасы, мақсаты: балаларды баланың негізгі құқықтарымен ойын түрінде таныстыру, өзіне және басқаларға құрмет көрсетуді дамыту; «Мейірімділік құқықтары» акциясы, акцияның мақсаты: достық атмосферасын құру, сыйластық пен мейірімділік; әркімге баланың тек қорғауға ғана емес, сонымен бірге жақсылыққа, назар аударуға және қолдауға құқығы бар екенін еске салу. Акция идеясы: әр оқушы досына, сыныптасына немесе бүкіл сыныпқа қысқа тілек, жылы сөздер, кеңес немесе комплимент жаза алады және «Мейірімділік құқығын»арнайы қорапқа түсіре алады.
