04.11.2025 ж орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Р.Ибрагимова 11 – сыныпта Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толған «Шоқан Уәлиханов-Шығыстың жарқын жұлдызы» атты танымдық сағат өткізді.
Мақсаты: оқушыларды көрнекті қазақ ғалымы, саяхатшы және ағартушы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметімен таныстыру, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықты қалыптастыру, ұлттық мұраға деген мақтаныш сезімін және ғылым мен ағартушылықтың дамуына үлес қосқан адамдарға құрмет сезімін тәрбиелеу.


