2026 жылдың 8 қаңтарында біздің мектепте құқықтық тәрбие айлығы ашылды. Бірыңғай тәрбие сабағы аясында сынып жетекшілері жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және күнделікті өмірдегі қауіпсіздік туралы мазмұнды әңгіме өткізді. Сондай-ақ, балалар қоғамдағы ережелер мен Заңдарды сақтаудың маңыздылығын түсінуге көмектескен «Заң және тәртіп» бейнеролигін тамашалады.




