2025-2026 оқу жылына арналған «Адал Азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 10 қарашада «Горький орта мектебі» КММ 1-11 сыныптарында «Ұлттық валюта — теңге күні» сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — білім алушылардың бойында патриотизмді, елдің экономикалық тарихына қызығушылықты қалыптастыру.
Өткізілген сынып сағаттары азаматтық жауапкершілікке, мемлекеттіліктің нышандарын құрметтеуге және тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері үшін мақтанышқа тәрбиелеуге ықпал етті.



