«Адал азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» айлығы шеңберінде 2026 жылғы 14 қаңтарда «Горький орта мектебі» КММ әлеуметтік педагогы Вольф Е.А білім алушыларға арналған «Заң және тәртіп» ақпараттық стендін ресімдеді. Іс-шараның мақсаты — білім алушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ заңнама мен қоғамдық тәртіп нормаларына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
