30.01.2026 ж. есірткі заттарын қолданудың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 9-11 сынып оқушыларымен профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында «Бетбелгі. Ана» Бейнероликте есірткінің адам денсаулығына, оның психологиялық жағдайына және қоғамдағы өміріне зияны туралы ақпарат ұсынылды. Оқушылар бейнематериалды қызығушылықпен қарап, өз пікірлерін білдірді.
Іс-шара соңында оқушыларға есірткі заттарын қолданудан бас тартудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.




