#ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ_ІС_ШАРА
«ОЙЫНҒА САЛАУАТТЫ КӨЗҚАРАС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА
Әрдайым ойланбастан, автоматты түрде жасаған іс-әрекеттеріміз қаншалықты көп? Бұл біздің пайдалы және зиянды әдеттерімізді білдіреді. Оларды қалыптастыруға болады, әрі олардан арылу да мүмкін, бірақ бұл процесс бірнеше нюанстарды талап етеді. Біздің өміріміздің сапасы көбінесе әдеттерімізге тәуелді, ал олар пайдалы немесе зиянды болса, өмірімізді жақсартуға немесе нашарлатуға әсер етеді. Оқушылар жиі теріс ықпалдарға душар болып, ойланбайтын әрекеттер жасауға бейім.
Жас ұрпақтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау әдетін дамыту мақсатында әлеуметтік педагог Вольф Е.А. 4-сынып оқушылары арасында салауатты әдеттерді қалыптастыру, уақыт пен эмоцияларды басқару, сондай-ақ баламалы қызығушылықтар мен хоббиді дамыту ойындар ұйымдастырды. Ойындар барысында оқушылар белсенді түрде қатысып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, талқылауларға белсене араласып, өз пікірлерін ашық білдірді. Бұл маңызды тақырып бәріне әсер етті: балалар түрлі эмоцияларды сезінді. Іс шаралар мақсаты – окушылардың сезімдерін қозғап, өмірге дұрыс көзқарастың олардың болашағына қалай әсер ететінін көрсету.